«Отбасы - негіздердің негізі» атты ашық сыныптан тыс іс-шара -
№46 гимназияның мәжіліс залында, Отбасы күні қарсаңында, 2025 жылдың 9 қыркүйек айында сынып жетекшілері Маликова Ж.М., Жаманбалинова А.С. ұйымдастырған «Отбасы — негіздердің негізі» атты ашық сыныптан тыс іс-шара — дөңгелек үстел өтті. Іс-шараға ата-аналар қауымдастығының өкілдері, 9-сынып оқушылары, мұғалімдер, мектеп психологы Фарзалиева К.Т., тәрбие ісі жөніндегі директордың орынбасары Болатбаева М.Л. қатысты.Дөңгелек үстел барысында қатысушылар отбасы тәрбиесінің өзекті мәселелерін