Алматы қаласы Білім басқармасының
"№46 гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 378‒04‒46
Есепші телефоны:
+7(727) 378‒04‒51
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Мектеп асханасында бракераждық комиссия жоспарлы тексеріс жүргізді
26
қыркүйек
2025

Мектеп асханасында бракераждық комиссия жоспарлы тексеріс жүргізді

«№46 гимназия»  КММ  26 қыркүйек айында мектеп асханасында бракераждық комиссия жоспарлы тексеріс жүргізді. Тексеру барысында комиссия мүшелері ас мәзіріндегі тағамдардың сапасына, дайындалу технологиясына және санитарлық талаптарға сәйкестігіне назар аударды. Әсіресе, оқушыларға берілетін тамақтардың салмағы күнделікті бекітілген менюге сәйкес болуы мұқият қадағаланды. Дайын тағамдардың нақты салмағы өлшеніп, нормалармен салыстырылды. Сондай-ақ тағам өнімдерінің дәмдік сапасы, сыртқы көрінісі  қаралып, жалпы қорытынды жасалды. Комиссия тексеріс нәтижесінде асханадағы тамақтың оқушыларға қауіпсіз әрі сапалы түрде ұсынылуын қамтамасыз ету мақсатында тиісті бақылауларды жүргізіп отырды.