Гимназияның мәжіліс залында Республика күніне арналған «Тәуелсіздік пен Республика - егемен мемлекеттің екі тірегі» салтанатты мектептік іс-шара өтті
24 қазан күні гимназияның мәжіліс залында Республика күніне арналған «Тәуелсіздік пен Республика — егемен мемлекеттің екі тірегі»
салтанатты мектептік іс-шара өтті. Мерекелік бағдарлама екі бөлімнен тұрды: концерттік бағдарлама және «АЛЖИР» атты театрлық қойылым.
Іс-шараға оқушы-спортшылар, ата-аналар және ұстаздар қатысты. Гимназия директоры Макежанова Роза Ашимбековна жылы лебізін білдіріп, «Тәуелсіз Қазақстан — Ұлы дала елі» атты фотобайқау жеңімпаздарына грамоталар табыстады,11 «Б», 4 «Г» және 3 «Б» сынып оқушылары Қазақстан Республикасының Мемлекеттік әнұранын орындады. Ал 3 «Б» сынып оқушылары Бауыржанұлы Жантөре мен Ершов Андрей Отан туралы әндер шырқады. Кештің шарықтау шегі — «АЛЖИР» театрлық қойылымы көрермендердің көңілінен шығып, үлкен әсер қалдырды.
Іс-шара мазмұнды әрі әсерлі өтті, қатысушыларға патриоттық рух сыйлады.

