09
қыркүйек
2025
«Отбасы - негіздердің негізі» атты ашық сыныптан тыс іс-шара - дөңгелек үстел
№46 гимназияның мәжіліс залында, Отбасы күні қарсаңында, 2025 жылдың 9 қыркүйек айында сынып жетекшілері Маликова Ж.М., Жаманбалинова А.С. ұйымдастырған «Отбасы — негіздердің негізі» атты ашық сыныптан тыс іс-шара — дөңгелек үстел өтті. Іс-шараға ата-аналар қауымдастығының өкілдері, 9-сынып оқушылары, мұғалімдер, мектеп психологы Фарзалиева К.Т., тәрбие ісі жөніндегі директордың орынбасары Болатбаева М.Л. қатысты.Дөңгелек үстел барысында қатысушылар отбасы тәрбиесінің өзекті мәселелерін талқылап, өз пікірлерін белсенді түрде білдірді. Оқушылар талқылауға түрлі жағдайлар мен бейнероликтер ұсынды.Іс-шара қызықты әрі танымдық сипатта өтті.



