«Жалаңаш патша», «Морозко» атты 2 спектакльдің премьерасы
Көркемдік-эстетикалық, рухани-адамгершілік тәрбие аясында 2023 жылдың 16 наурызында акт залында 11, 9, 7, 5 сынып оқушыларының актер ретінде қатысуымен «Жалаңаш патша", "Морозко"атты 2 спектакльдің премьерасы өтті. Спектакльдердің режиссері театр үйірмесінің жетекшісі Зарина Чингизовна Исмаилова, сценарийін жазғандар Аида Избастыевна Жангельдина. Мектептегі театр қойылымдары ақыл-ойдың, адамгершілік құндылықтардың дамуына ықпал етіп , балаларды әлемдік мәдениетке баулитыны баршаға мәлім.