Алматы қаласы Білім басқармасының
"№46 гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 378‒04‒46
Есепші телефоны:
+7(727) 378‒04‒51
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Таза Қазақстан» Республикалық жобасы аясында «№46 гимназия» КММ аумағында 11-сынып түлектері раушан гүлдерін отырғызды
14
сәуір
2026

«Таза Қазақстан» Республикалық жобасы аясында «№46 гимназия» КММ аумағында 11-сынып түлектері раушан гүлдерін отырғызды

«Таза Қазақстан» Республикалық жобасы аясында «№46 гимназия» КММ аумағында 11-сынып түлектері раушан гүлдерін отырғызды. Бұл шараның басты мақсаты – мектеп ауласын көркейту, жас ұрпаққа табиғатты аялау мен экологиялық мәдениетті қалыптастырудың маңызын көрсету.

Акцияға ата-аналар, гимназия директоры Макежанова Роза Ашимбековна, сондай-ақ 11-ші сынып жетекшілері Абирова Азиза Асылбековна, Махатова Азиза Шералиевна, Корецкая Лариса Николаевна белсене қатысты. Ұстаздар мен ата-аналар  қолдауымен оқушылардың еңбегі мерекелік сипат алып, мектеп ұжымы мен түлектердің бірлігін айқын көрсетті.