Алматы қаласы Білім басқармасының
"№46 гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 378‒04‒46
Есепші телефоны:
+7(727) 378‒04‒51
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
19
тамыз
2025

«Мектепке жол»

Елімізде дәстүрлі түрде өткізіліп келе жатқан «Мектепке жол» республикалық қайырымдылық акциясының 2025 жылдың 1 тамызынан басталатынын және 30 қыркүйекке дейін жалғасатынын хабарлаймыз.

Акцияның негізгі мақсаты: жаңа оқу жылы қарсаңында әлеуметтік жағынан аз қамтылған, көпбалалы, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға

қолдау көрсету, олардың мектепке толық дайындықпен баруын қамтамасыз ету. Сонымен қатар, әлеуметтік себептер бойынша  мектепке келмеуінің алдын алу мақсатында «Мектепке жол» республикалық қайырымдылық акциясы ұйымдастырылады.




    Республикалық «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы аясында №46 гимназия КММ меценаттар әлеуметтік жағынан қолдауды қажет ететін оқушыларға 200 000 (екі жүз мың) теңге көлемінде мектеп рюкзактары мен оқу құрал-жабдықтарын алып табыстады. Аталған қайырымдылық шарасы балалардың мектепке қуанышпен баруына жағдай жасап қана қоймай, олардың сапалы білім алуына да үлкен қолдау болмақ.

     №46 гимназия КММ әкімшілігі атынан көмек көрсеткен жомарт жандарға шынайы алғыс білдіреміз!

Алдағы жаңа оқу жылында да әр мекеме бұл бастамадан шет қалмай, балалардың жарқын болашағы үшін қолдан келген көмекті көрсетуге барша жанашыр азаматтарды, демеушілер мен кәсіпкерлерді осы игі іске атсалысуға шақырамыз.

Кішкентай көмек – үлкен үміт. Балалар – біздің болашағымыз, олардың білім алуына жағдай жасау – баршамыздың ортақ міндетіміз!