22.11.03. күні «№46 гимназия» КММ-де «Мектеп оқушыларының ғылыми дағдыларын дамыту» атты семинар-тренинг өтті » КГУ «Гимназия №46» Управления образования г. Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
"№46 гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 378‒04‒46
Есепші телефоны:
+7(727) 378‒04‒51
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 22.11.03. күні «№46 гимназия» КММ-де «Мектеп оқушыларының ғылыми дағдыларын дамыту» атты семинар-тренинг өтті
22
қараша
2022

22.11.03. күні «№46 гимназия» КММ-де «Мектеп оқушыларының ғылыми дағдыларын дамыту» атты семинар-тренинг өтті

22.11.03. күні «№46 гимназия» КММ-де «Мектеп оқушыларының ғылыми дағдыларын дамыту» атты семинар-тренинг өтті. Семинардың мақсаты: 

* ғылыми сауаттылық деңгейін арттыру

* оқушылардың тиімді ғылыми-зерттеу және жобалық қызметінің әдістемесі бойынша тәжірибені тарату, тәжірибе алмасу

   Бұл тақырыптардың өзектілігі мектеп оқушылары мен мұғалімдердің ғылыми жобалармен жұмыс істеу барысында негізгі дағдыларды дамыту мүмкіндігінен туындайды. Сыни тұрғыдан ойлау, ізденушілік зерттеу жұмысы, ақпаратты талдау (көздер, бастапқы мәліметтер), зерттеу мәселелерін қою және шешу сияқты дағдылар. Сондай-ақ жаңа мүмкіндіктерді, жұмыс/оқыту бағыттарын табу. 

  Семинарда «Мектепте ғылыми-зерттеу жұмысын ұйымдастыру не үшін қажет?» деген сұраққа жауап берілді. 

   Оқушылардың ғылыми-зерттеу жұмысын ұйымдастырудағы мақсат-білімді, жан-жақсы дамыған, шығармашыл тұлға болып қалыптасуына ықпал ететін, жаңа білімдерді көбірек алуға құштар, ойлайтын ұрпақ тәрбиелеу; өз бетімен білім алуға қабілетті.