31
наурыз
2025
Педагог-зерттеуші Сакиева Сагыныш Жанатовна мен педагог-эксперт Махатова Азиза Шералиевна "Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында авторлық материалдарды қолданудың маңызы" атты онлайн вебинар өткізді
31 наурыз күні Алматы қ. Алмалы ауданы 46 гимназияның қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері: педагог-зерттеуші Сакиева Сагыныш Жанатовна мен педагог-эксперт Махатова Азиза Шералиевна "Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында авторлық материалдарды қолданудың маңызы" атты онлайн вебинар өткізді. Бұл вебинардың маңызы орыс тілінде оқитын оқушылардың мемлекеттік тілді меңгеруіне маңызы зор элективті курс бағдарламасы болып табылады. Сакиева С.Ж " Қазақ тілінен арнайы курс " бағдарламасы тілді үйренуге өз септігін тигізе алатын бағдарлама. Осы бағдарламадан алған мәліметтерін, білімін қарапайым өмірде қолдана алады. Махатова А.Ш " Оқу үдерісіндегі функционалдық сауаттылықты тиімді қолданудың маңызы" атты бағдарламасында оқушылардың қазіргі заманда функционалды сауатты болуына өз көмегін тигізеді. Алған білімдерін тұрмыста қолдана алатын болады. Бұл вебинарға Алмалы, Бостандық, Әуезов аудандарының мұғалімдері мен Түркістан, Шымкент, Астана қалаларының ұстаздары қатысып, вебинар жайында өз ойлары мен пікірлерін білдірді. Осындай өткізілетін конференция, семинар , вебинарлардың өткізілуі ұстаздардың өз тәжірибелерімен бөлісуіне мүмкіндік туғызып отырғаны барлығымызға мәлім.
Ютуб трансляция
Ютуб трансляция